"Қазгидромет" Алматы мен тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылғы 22 маусымда Алматы мен Талдықорған қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Теміртау және Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Оларға желсіз немесе әлсіз желді ауа райы, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда ауадағы ластаушы заттардың мөлшері артып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен өзге де ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады.

Бұған дейін синоптиктер 22 маусым күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме