Павлодарда тротуар плиткасына 368 млн теңге жұмсау жоспарланған сатып алу тоқтатылды

Сурет: pixabay
Павлодарда прокуратура мемлекеттік сатып алуларды талдау барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтап, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Astana TV" мәліметінше, орталық скверді абаттандыруға арналған жобалық-сметалық құжаттамада елеулі сәйкессіздіктер анықталған. Құжатқа сәйкес, 25 мың шаршы метр тротуар плиткасын сатып алу жоспарланған, оның жалпы құны 350 млн теңгеден асқан.

Алайда тексеру барысында нақты қажеттілік 9 мың шаршы метрден аспайтыны белгілі болды. Себебі аумақтың едәуір бөлігі ағаштармен, көгалмен және ашық жер учаскелерімен қамтылған, онда тротуар төсеу қарастырылмаған.

Қадағалау органының араласуынан кейін мемлекеттік сатып алу тоқтатылып, заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Павлодар қаласы прокуратурасының өкілі Асыл Есентурдың айтуынша, жоба бойынша көрсетілген жұмыс көлемі мен материалдар нақты қажеттіліктен едәуір асып кеткен, бұл бюджет қаражатын негізсіз жұмсау қаупін тудырған.

Сондай-ақ прокуратура Ақмола облысында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге жоспарланған мемлекеттік сатып алулардың да жолын кескен.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Әлеуметтік желілердегі арандатушылыққа қатаң тосқауыл қойылады – Бас прокуратура