10 жыл бойы асқынған ісік: Алматы дәрігерлерінің сәтті операциясы
Сурет: Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы
Алматыда тұратын қарт әйел 10 жыл бойы иек тұсындағы ісікпен өмір сүрген. Уақыт өте келе ісік үлкейіп, қатты ауырсыну тудырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зейнеткер Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына мойын тұсындағы ірі түзіліс, тыныс алудың қиындауы, ұйқының бұзылуы және ауырсыну шағымдарымен түскен. Тексеруден кейін профессор Марат Искаковтың қатысуымен шұғыл операция жасау туралы шешім қабылданған.
"Жақ-бет хирургиясы бөлімінің дәрігерлері ісікті жақасты сілекей безімен бірге алып тастады. Операция күрделі болғанына қарамастан, асқынусыз өтті және өмірлік маңызды құрылымдар зақымданған жоқ. Отадан кейін науқастың жағдайы едәуір жақсарып, тыныс алуы қалпына келді", – деді дәрігерлер.
Мамандар мұндай белгілерді ұзақ уақыт елемеу ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, бас пен мойын аймағында кез келген түзіліс пайда болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралу қажет екенін айтады.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер 35 жастан кейін ағзада байқалуы мүмкін жасырын қауіптер туралы айтып, уақытылы тексеруден өтуді ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript