Қазақстандағы сауда көлемі ₸28 триллионнан асты

Фото: freepik
Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, еліміздің ішкі сауда саласында тұрақты өсім байқалады.

Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша сауда саласының нақты көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға артып, 28 трлн теңгеден асты, деп жазады qazaqstan.tv.

Соның ішінде көтерме сауданың көлемі 19,6 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,5%-ға көп.

Саланың ілгерілеуі елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты. Бөлшек саудада да оң динамика байқалып отыр.

Қаңтар-мамыр аралығындағы сауда көлемі 9 трлн теңгені құрады. Сауда белсенділігі жоғары өңірлердің қатарында Алматы мен Астана қаласы, Атырау және Қарағанды облысы, сондай-ақ Шымкент қаласы бар.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды