"Дауыл, жаңбыр, бұршақ". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: twitter.com
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 25 маусымда Астана, Алматы және еліміздің барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 25 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың орталығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 25 маусымда таңертең және күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 25 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 25 маусымда батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 25 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 25 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 25 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 25 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 25 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 25 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 25 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде тұман түседі деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 25 маусымда еліміздің басым бөлігінде циклон жүретінін ескерткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев