Алматыда заңсыз салынған тағы бір жазғы кафе сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда заңсыз тұрғызылған тағы бір кафе бұзылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 25 маусымда қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, жазғы терраса Гете көшесі, 274/32 мекенжайында орналасқан.

Тексеру барысында нысанның қажетті рұқсат құжаттарынсыз, өз бетінше салынғаны анықталған. Осыған байланысты заңсыз құрылысты бұзу шаралары қолға алынған.

Алайда тексеру кезінде нысан иесі заңсыз салынған құрылысты өз еркімен сүріп тастаған.

Қала құрылысын бақылау басқармасы Алматыда заңсыз нысандарды анықтау және оларды жою жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Алматыдағы Поддубный көшесі, 119-үй мекенжайында орналасқан тағы бір заңсыз кафе сүрілген болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме