Алматы полициясы электросамокат жүргізушілеріне ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Алматыда электросамокаттарды пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерінің жиі бұзылуына байланысты полиция бақылауды күшейтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тротуарларда электросамокаттардың шамадан тыс жылдамдықпен жүруі жаяу жүргіншілерге, әсіресе балалар мен қарттарға қауіп төндіріп отыр. Бұл қауіпсіздік талаптары қолданыста болғанына қарамастан жалғасуда.

"Рұқсат етілмеген жерлерден жолдың жүру бөлігіне шығу, электросамокатпен жолаушы тасымалдау, жаяу жүргіншілер аймағында жоғары жылдамдықпен жүру сияқты заң бұзушылықтарды полиция қызметкерлері мен бейнебақылау камералары күн сайын тіркеп отыр. Мұндай әрбір құқық бұзушылық электросамокат жүргізушілерінің де, жол қозғалысының өзге қатысушыларының да өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электросамокаттарды пайдалануға қатысты қосымша талаптар күшіне енеді.

"Заң талаптарының сақталуын бақылау күшейтіледі. Полиция жасақтары профилактикалық рейдтер мен қаладағы адам көп шоғырланатын аумақтарды патрульдеуді жалғастырады. Әрбір құқық бұзушылыққа құқықтық тұрғыдан тиісті баға беріледі, – деп мәлімдеді полиция.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Есентай өзенінің бойына әр 100 метр сайын электросамокаттардың қозғалысына тыйым салатын ақпараттық белгілер орнатылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін