Қазақстан президенті "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздарын құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының аяқталуына орай қатысушылар мен жеңімпаз командаларды құттықтап, олардың ұйымшылдық пен достықтың жарқын үлгісін көрсеткенін айтты.

Президент өз сөзінде даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының "Ерлік – елдің қасиеті" деген қанатты сөзін еске алып, елге қызмет ету білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға жанашырлық танытудан және келешек алдындағы жауапкершілікті сезінуден басталатынын атап өтті.

"Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс. Осы күндері сіздер нағыз достық пен өзара құрметтің, ұйымшылдық пен мызғымас бірліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жеңімпаз атанған командаларды құттықтап, түрлі елден келген жастардың бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен өзара сенімді одан әрі нығайтатынына сенім білдірді.

"Жеңімпаз болған командаларды шын жүректен құттықтаймын! Рухты жастардың осылай бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайта түсері сөзсіз. Әр сарбаздың айбыны асқақ болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын!" – деп түйіндеді сөзін Президент.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін