Алматыдағы "Барыс-4" базарында мыңнан астам сауда заңнамасын бұзу дерегі анықталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы ең ірі көтерме сауда орындарының бірі "Барыс-4" базарында кешенді бақылау шаралары жүргізілді.

Тексеруді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және азық-түлік тауарларының баға қалыптастыру тізбегіндегі делдалдық схемаларды зерттеу жөніндегі өңірлік комиссияның өзге де мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бақылау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің сақталуына, баға белгілеу тәртібіне, тауарларда баға көрсеткіштерінің болуына және өнімсіз делдалды анықтауға басымдық берілді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге сауда саласындағы заңнама талаптарын сақтау, баға көрсеткіштерін дұрыс рәсімдеу және белгіленген сауда үстемесін қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде заң талаптарын бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы 1 025 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 717-сі тауар бағасын теңгемен көрсетпегені үшін, ал 308-і әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15 пайыздық сауда үстемесін асырғаны үшін рәсімделді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асты.

Бұдан бөлек, өңірлік комиссияның жұмысы барысында 18 өнімсіз делдал анықталып, олардың қызметі тоқтатылды.

Сауда саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бағытындағы тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Энергетика министрлігі: Қарашығанақтағы өндіріс қысқарғанымен, Қазақстандағы газбен жабдықтау тұрақты