Тіркеу нөмірі, сақтандыру полисі: 1 шілдеден бастап электрсамокаттарды пайдалану қағидаларында не өзгереді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 1 шілдеден бастап электрсамокаттарды пайдалану ережесі өзгерді. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жаңа қағидаларды тағы бір мәрте түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ең алдымен енді әрбір жалға берілетін электрсамокатқа тіркеу нөмірі берілетіндігін атап өтті.

"Осылайша заң бұзған электрсамокаттар камералар арқылы анықталатын болады", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Сонымен қатар әрбір самокат қолданатын азаматқа сақтандыру полисі міндеттеледі.

Өз кезегінде, кикшеринг компаниялар электрсамокаттардың техникалық жағдайын қамтамасыз етуге, олардың жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға, белгіленген жерде жылдамдықты автоматты түрде шектеуге, оларды ретсіз қалдыруды болдырмауға, самокаттардың есебін жүргізуге, қажетті мәліметтерді ішкі істер органдарына жолдауға міндетті.

"Егер самокатты пайдаланушының жүргізуші куәлігі болмаса, ол жүріс жолымен жүрмеуі тиіс. Мұны сервис қатаң бақылауы қажет",- деп ескертті ведомство өкілі.

Айта кетейік, электрсамокаттар велосипед жолымен немесе велосипед жолағымен жүруі керек. Олар болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен қозғалуға болады. Тротуарда жүрген кезде жылдамдық сағатына 6 шақырымнан аспауы тиіс.

Алайда 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады.

"Жолдың жиегімен жүруге тек 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігінің кез келген санаты және арнайы шлемі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Электрсамокатпен жолаушыларды, жүктерді тасымалдауға және жаяу жүргіншілер өткелі арқылы самокаттан түспей жолды кесіп өтуге, сондай-ақ қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтерсіз автокөлік жолымен жүруге тыйым салынады". Мұрат Қабденов

Қорытындылай келе, Ішкі істер министрлігі азаматтарды заңнама талаптарын сақтауға шақырады: Жолдағы қауіпсіздік өзімізден басталады.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды