Ер адамдарға әйелдерге жасалатын операциялар рәсімделген: МӘМС қорынан 221 млн теңге жымқырылды

Фото: akorda.kz
Маңғыстау облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі жекеменшік клиниканың басшылығына қатысты тергеп-тексеру жүргізуде. Бұл туралы бүгін, 1 шілдеде ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеуді ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізуде.

"Тергеу амалдарына сай, "ИБН СИНА" және "SOFIE MED GROUP" медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған "варикоцеле" диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның – "кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы" қызмет кодын көрсеткен. Нәтижесінде 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік мәліметінше,19 жағдайда науқастар аталған клиникаларға жүгінгенін мүлде растаған жоқ.

"Мемлекетке келтірілген залал сомасы 221 млн теңгеден асты. Тергеп-тексеру жалғасуда". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство атап өткендей, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Бұған дейін шекарада 5 мыңнан астам заң бұзушы ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды