Жыл соңына дейін құрылыс нысандарын пайдалануға беру процесі цифрландырылады

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 12:48 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттық сауалға берген жауабында құрылыс саласындағы бірқатар процесті цифрландыру жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол заманауи цифрлық шешімдер осы саладағы тиімділікті арттырудың маңызды факторы екенін атап өтті.

"Саланың ашықтығы Бірыңғай құрылыс порталы арқылы қамтамасыз етіледі. Портал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап "бір терезе" қағидатымен жұмыс істейді және нысанның бүкіл өмірлік циклін бірыңғай бірегей нөмір арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Бұл рұқсат құжаттарын рәсімдеуден, жобалау мен сараптамадан бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі кезеңдерді қамтиды. Сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін нысанды пайдалануға беру актісіне қол қою процесін цифрландыру жоспарланып отыр", – делінген вице-премьердің жауабында.

Оның айтуынша, бұл бақылау нәтижелері, анықталған бұзушылықтар және олардың жойылуы туралы деректерді қалыптастырып, пайдалануға мүмкіндік береді. Соның ішінде ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнама аясында азаматтарға тиісті мәліметтер ұсынуға жол ашады.


"Жалпы, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының тиімділігі, азаматтардың құқықтарының сақталуы және құрылыс процесіне қатысушылардың жауапкершілігі мәселелері үкіметтің тұрақты бақылауында", – деп сендірді Бозымбаев.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс нысандарын тексеру нәтижелерін Құрылтайға жолдайтыны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: