Алатау қаласының цифрлық егізі жасалады
Сурет: akorda.kz
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттық сауалға берген жауабында Алатау қаласын цифрландыру жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қаланың цифрлық моделі қазіргі елді мекендерді қоса алғанда, бүкіл әкімшілік аумақты қамтиды.
"Қалалық цифрлық сервистер тең қолжетімділік, бірыңғай кіру нүктесі, цифрлық инклюзия және электронды үкіметтің ұлттық инфрақұрылымымен интеграциялай отырып, кезең-кезеңімен енгізу қағидаттары негізінде дамытылады. Цифрлық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін мобильді және тіркелген телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде антенна-діңгек құрылыстары мен талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу көзделген", – делінген вице-премьердің жауабында.
Сондай-ақ оның сөзінше, қала құрамындағы барлық елді мекенде, ең алдымен әлеуметтік нысандарда байланыспен қамту деңгейі мен кеңжолақты интернеттің қолжетімділігі бағаланады.
"Бұдан бөлек, құрылыс, инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар мен абаттандыру туралы деректерді біріктіретін қаланың цифрлық егізін жасау жоспарланған. Қалалық инфрақұрылымды ортақ басқару жүйесіне біріктіру үшін заттар интернетінің (IoT) және жүйелердің өзара үйлесімділігінің бірыңғай стандарттарын енгізу де көзделген", – деп қосты Бозымбаев.
Бұған дейін Алатау қаласының арнайы режиміне қатысты нормативтік құқықтық актілер жеңілдетілген тәртіппен қабылданатыны туралы жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript