Жасыбай көліндегі ағын суларды тазарту Павлодар облысы әкімдігіне тапсырылды
Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттық сауалға берген жауабында Жасыбай көліндегі ағын суларды тазарту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, кейбір курорттық аймақтарда демалыс базаларының жағалау бойымен ұзыннан орналасуы немесе таулы, тасты жер бедерінің күрделілігі салдарынан орталықтандырылған кәріз желілерін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз.
"Жалпы, "Жасыбай көлі" туристік аймағында 55 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Ағын суларды тазарту мәселесін шешу үшін Павлодар облысы әкімдігіне жер бедерін, ағын сулардың құрамын және қолжетімді технологияларды ескере отырып, тиімді жобалық шешімдер әзірлеу тапсырылды", – делінген жауапта.
Сонымен қатар, әкімдікке "Жасыбай көлі" туристік аймағында жергілікті тазарту құрылыстарын орнату үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу тапсырылды.
Бұған дейін кейбір курорттардың туристер ағынын игере алмай жатқаны туралы жазылған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript