Өнеркәсіп министрлігі құрылыс нысандарын тексеру нәтижелерін Құрылтайға жолдайды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 15:53 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттық сауалға берген жауабында құрылыс жұмыстарын талдау тетігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде қолданыстағы бақылау моделінің тиімділігін, соның ішінде заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтау мүмкіндігін талдап жатыр.

"Алынған нәтижелер, сондай-ақ депутаттық сауалда көрсетілген нақты сандар мен көрсеткіштер Құрылтайға қосымша жолданады. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін елеулі ақаулардың анықталуына келсек, құрылыс сапасы тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық қадағалау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік бақылау органдарының бірлескен жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі", – делінген жауапта.

Бозымбаевтың мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлі кезеңінде жоспарлы бақылау шараларын жүргізу көзделген. Олар заңнама талаптарының сақталуын және орындалып жатқан жұмыстардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеруге бағытталған.

Қорытынды кезеңде нысанды пайдалануға қабылдаудың белгіленген тәртібінің сақталуы бақыланады. Ал қабылдау рәсіміне сәулет-құрылыс бақылауы және өрт қауіпсіздігі органдары қатысады.

"Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда құрылысқа қатысатын кінәлі тұлғаларға, соның ішінде техникалық және авторлық қадағалау мамандарына заңнамада көзделген шаралар қолданылады", – деп қосты вице-премьер.

Бұған дейін Астана мен Алматыдағы нысандардың құрылысы кезінде 1,5 мыңға жуық заң бұзушылық анықталғанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: