Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы жарияланды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бүгін, 2026 жылғы 2 шілдеде, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарына 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке шақырылды.

Олардың ішінде:

Әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жолданды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдері автоматты түрде іске асырылды.

Шақыру науқаны барысында Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, азаматтарды әскерге шақыру мәселелері бойынша жан-жақты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. "Қауырт желі" телефондары, азаматтарды жеке қабылдау және ақпараттық-түсіндіру кездесулері барысында шақырылушылар мен олардың ата-аналары өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Жергілікті атқарушы органдар шақыру іс-шараларын ұйымдастыруды және өткізуді, шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етіп, олардың тиімді қызметі үшін қажетті жағдай жасады.

Бүгінде Қарулы күштер қатарындағы қызмет жас азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Әскери қызмет кезінде банктер мен қаржы ұйымдары алдында міндеттемелері бар сарбаздарға несиелік демалыс беріледі. Ал әскери қызметін аяқтағаннан кейін жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім гранты негізінде түсе алады. Қалғандары ҰБТ тапсырмай-ақ ақылы бөлімге қабылдану мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапты

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді