Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 5 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Алматы облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 5 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қонаевта 5 шілдеде түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тау аудандарында тұман болатыны болжанады. Облыстың шығысында, таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері аудандарында 23-28 м/с, тіпті 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 5 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысында 38-39 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 5 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 5 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 5 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының батысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 5 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман болады деп болжанады.
Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 5 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 5 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 5 шілдеде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 5 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша бір аптаға (4-10 шілде) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.