Көлсайда жылан шаққан 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді

Сурет: видео скрині
Алматы облысындағы Көлсай көлінің аумағында 16 жастағы қызды жылан шағып алды. Зардап шеккен жасөспірімге құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысындағы Көлсай көлінің аумағында 16 жастағы қызды жылан шағып алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, демалушылар жақын маңда кезекшілік атқарып жүрген құтқарушылардан көмек сұраған. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізген.

ТЖМ жаз мезгілінде жыландардың белсенділігі артатынын ескертті. Осыған байланысты демалушыларға белгіленген соқпақтардан шықпауға, аялдайтын орынды мұқият қарап шығуға, жыландарға жақындамауға және оларды ұстауға әрекет жасамауға кеңес берілді.

Егер адамды жылан шақса, дереу медициналық көмекке жүгініп, 112 нөміріне хабарлау қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді