Алматыда тұрғындар күдікті ер адамды ұстап, полицияға тапсырды

Фото: Zakon.kz
Алматының Түрксіб ауданында тұрғындардың қырағылығының арқасында есірткіге қатысты күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында болған. "102" арнасына тұрғындар бейтаныс ер адамның көшелерді аралап жүріп, есірткі жасырып кетуі немесе оны іздеуі мүмкін екені туралы хабарлаған.

Оқиға орнына дереу "Буран-813" патрульдік экипажы жіберілді. Полиция келгенге дейін жергілікті тұрғындардың бірі күдіктіні өз күшімен ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырған.

Тергеу-жедел тобы жүргізген жеке тінту барысында күдіктінің жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше түйіншек табылды.

Ұсталған азаматтың Алматының 33 жастағы жұмыссыз тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол есірткі тұтынатынын және "жылдамдық" деп аталатын синтетикалық есірткінің жасырылған орнын іздеп жүргенін айтқан.

Тәркіленген түйіншектердің нақты құрамын және олардың шығу тегін сот-химиялық сараптама анықтайды.

Полиция тұрғындардың қырағылығы құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осыған байланысты азаматтарды күмәнді жағдайларды байқаса, уақыт оздырмай "102" арнасына хабарлауға шақырды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады