Зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге сүт пен емдік тағам беру қағидалары жаңартылды

Сурет: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен қызметкерлерге сүт немесе оған теңестірілген тағам өнімдерін, сондай-ақ диеталық емдік және профилактикалық тағам өнімдерін беру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, құжаттың атауы жаңа редакцияда бекітілді. Енді ол "Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт немесе оған теңестірілген тағам өнімдерін не диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдерін, арнайы киім мен басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары" деп аталады.

Құжатта бұрын қолданылған "диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған мамандандырылған өнімдер" ұғымының орнына "диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдері" термині енгізілді.

Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін кепілдіктердің қолданыстағы тәртібі өзгеріссіз сақталды.

Қағидаға сәйкес, сүт немесе оған теңестірілген тағам өнімдері, диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдері, арнайы киім және жеке қорғаныш құралдары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 34 және 35-тармақшаларында бекітілген нормаларға сәйкес беріледі.

Сондай-ақ сүт немесе оған теңестірілген тағам өнімдері мен диеталық емдік және профилактикалық тағам өнімдері өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері негізінде, кәсіптік аурулар мен уланулардың алдын алу және қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында беріледі.

Қызметкердің келісімімен сүтті басқа тең құнды тағам өнімдерімен немесе диеталық емдік және профилактикалық тағам өнімдерімен алмастыруға болады. Мұндай шешім ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді.

Қағидаға сәйкес, диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдері ұйымның медициналық-санитариялық бөлімімен келісім бойынша жұмыс басталар алдында ыстық таңғы ас түрінде және түскі үзіліс кезінде беріледі.

Жоғары қысым жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге (кессондарда, барокамераларда, су астындағы жұмыстарда) мұндай тағам өнімдері декомпрессиядан (шлюзден) өткеннен кейін беріледі.

Сондай-ақ диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдері мынадай қызметкерлерге де беріледі:

Сонымен қатар сүт, оған теңестірілген тағам өнімдері немесе диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдері мына жағдайларда берілмейді:

Қағидада сүтті, оған теңестірілген тағам өнімдерін немесе диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдерін өткен кезең үшін немесе бірнеше ауысымға алдын ала беруге, сондай-ақ алынбаған сүт немесе өзге де тағам өнімдері үшін ақшалай өтемақы төлеуге жол берілмейтіні көрсетілген.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін