"Күн 41 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 8 шілдесінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 8 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 38-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Ақтауда 8 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде және күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 8 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде және күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 8 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 8 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан шығысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні - 15 м/с. Қонаевта 8 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 8 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 8 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болатыны болжанады. Қостанайда 8 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін же.теді Күндіз облыстың шығысында, орталығында 35-38 градус қатты ыстық болатыны болжанады. Ақтөбеде 8 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 8 шілдеде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 8 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 8 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

Астанада 8 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 8 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қатты ыстық 36 градус ыстық болатыны болжанады. Көкшетауда 8 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 8 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2026 жылғы 8–10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Мемлекеттік туды қайда ілуге болады: Үкімет жаңа ережелерді бекітті

Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлекселері табылды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді