Ұлытау облысында кәсіпорын директорының пара беру әрекеті әшкереленді

Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері пара беру дерегінің жолын кесті.

Ер адам алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдату мақсатында тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған.

Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Ақша қаражаты тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Полиция пара беру заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Жаза айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі шараларды қамтиды.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы