Ол 2021 жылдың сәуір айында Үкімет 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын қабылдағанын еске салды.
"Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін жылына 7 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін ұлғайту, ішкі нарықтағы балық өнімдерін тұтыну көлемін 67 мың тоннадан 134 мың тоннаға дейін жеткізу және балықтың табиғи қорын 7%-ға арттырып, 237 мың тоннаға жеткізу көзделген. Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша балық өнімдері нарығының көлемі 106,5 мың тоннаны құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13%-ға жоғары", – деді Серік Сермағамбетов.
Оның айтуынша, өткен жылы 49,6 мың тонна балық ауланып, 23 мың тоннасы қолдан өсірілген. Сонымен қатар 21 мың тонна балық өнімі экспортталып, 55 мың тонна импортталған.
"Осының нәтижесінде жан басына шаққандағы орташа балық тұтыну көлемі 4 келіден 7 келіге дейін өсті. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көрсеткіш – жылына 11 келі", – деді комитет төрағасы.
Бұған дейін Серік Сермағамбетов балық шаруашылығы саласында анықталған құқық бұзушылықтар туралы да мәлімдеген болатын.