Ақтөбелік мұғалімдерге 5 млрд теңге көлеміндегі демалыс ақысы уақытында төленбеген

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбеде 1 шілдеден бастап еңбек демалысына шыққан мұғалімдер демалыс ақысын ала алмағанына шағымданды. Бұл жағдайға өңірлік білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Педагогтердің айтуынша, оларға "ақша жоқ" деп жауап берген.

"Педагогтер үшін еңбек демалысы – артықшылық немесе сән-салтанат емес, заңмен кепілдендірілген құқық. Демалыс ақысы мұғалімдердің азық-түлік, коммуналдық қызметтер, емделу, туған-туыстарына бару сияқты негізгі қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік береді. Ал бұл төлемдерсіз демалыс тынығу кезеңі емес, алаңдаушылық пен белгісіздікке толы уақытқа айналады", – делінген "Диапазон" редакциясына жолданған хатта.

Мұғалімдер демалыс ақысының не себепті уақытында төленбегенін және оны нақты қашан алатынын сұрап отыр.

Білім басқармасының мәліметінше, мұғалімдерге тиесілі демалыс ақысы 10 шілдеге дейін толық төленеді. Жалпы төлем көлемі шамамен 5 млрд теңге болады.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

"Надан күйде өмірден өтуге болмайды": 87 жастағы зейнеткер университетке оқуға түсті

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды