Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 13 шілдеде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда 13 шілдеде түнде және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде 13 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.
Таңертең және күндіз Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда 13 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қонаевта 13 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында сақталады.
Астанада 13-15 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, елордада жоғары өрт қаупі күтіледі.
13 шілдеде Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 13 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз 13 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 13 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түсетіні болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 13 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі..
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 13 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 13 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер, бүгін, 2026 жылы 12 шілдеде еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен.