Қазақстанда жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау басталды

Фото: freepik
Қазақстанда бүгін жоғары оқу орындарының білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерден өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

2026 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер:

Сондай-ақ бар болған жағдайда жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:

Естеріңізге сала кетсек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.

"Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар." Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Айта кетейік, 2026 жылы "Цифрлық университет" қағидатын жүзеге асыру жалғасады: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін