Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматының Наурызбай ауданында Alem Park маңында орналасқан, аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақты көркейту жұмыстары аяқталуға жақын. , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 09:02 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Наурызбай ауданында Alem Park маңында орналасқан, аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақты көркейту жұмыстары аяқталуға жақын.

Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың отбасымен демалуына, серуендеуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған.

Саябақты көркейту барысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Аумаққа 200 ірі көлемді ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, 30 мыңға жуық бұта және 1,5 мың раушан гүлі егілді. Өсімдіктерді күтіп-баптау үшін автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды.

Саябақта жүргіншілер жолдары салынып, орындықтар мен жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ субұрқақ, "Отбасы" композициясы, перголалар мен балалар ойын алаңы қарастырылған.

Жаңа қоғамдық кеңістік Наурызбай ауданындағы тағы бір жайлы демалыс орнына айналып, көгалдандырылған аумақтардың көлемін арттырады.

Қазіргі уақытта көркейту жұмыстары соңғы кезеңде жүргізіліп жатыр. Саябақты тұрғындарға алдағы күндері ашу жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: