Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханада күрделі операция алғаш рет заманауи әдіспен жасалды

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
41 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы созылмалы іш қатуынан зардап шегіп келген. Бірнеше рет мамандардың қарауында болып, ем қабылдағанымен, денсаулығында айтарлықтай жақсару болмаған.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде науқасқа долихосигма диагнозы қойылды. Бұл – өте күрделі диагноз.

Науқастың жағдайын жан-жақты саралаған дәрігерлер хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдады. Оның ерекшелігі – науқастың іш қуысы үлкен көлемде кесілмей, бірнеше шағын тілік жасалды. Лапароскопиялық әдіспен жасалған ота барысында сигма тәрізді ішектің зақымданған бөлігі алынып, аппараттық колоректальды анастомоз қалыптастырылды.

Бұл әдістің артықшылығы – операциядан кейінгі ауырсынудың аз болуы, науқастың тез қалпына келуі, асқыну қаупінің төмендеуі және қалыпты өмірге жылдам оралуына мүмкіндік беруінде.

Айта кету керек, мұндай жоғары технологиялық лапароскопиялық операция қалалық №1 клиникалық ауруханада алғаш рет жасалып отыр. Бұл – ауруханада заманауи хирургиялық көмекті дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Сондай-ақ №1 қалалық клиникалық ауруханада медицина мамандарына арналған практикалық мастер-кластар жиі ұйымдастырылып отырады. Мұндай іс-шараның негізгі мақсаты зақымданған органдарды емдеудің заманауи тәсілдерін меңгеру және мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру болып табылады. Мастер-класс барысында шұғыл және жоспарлы емдеу, сондай-ақ күрделі жағдайларда реконструкциялық оталар жасау әдістері бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.

Мамандар заманауи микрохирургиялық әдістерді тәжірибе жүзінде меңгеріп, кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Әрине, мұндай оқыту іс-шаралары медициналық көмектің сапасын арттыруға, күрделі жарақат алған пациенттерге жоғары білікті көмек көрсетуге және заманауи емдеу әдістерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады