"Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 шілдеде гидравликалық сынақтар Алмалы және Жетісу аудандарында Райымбек даңғылы – Бродский көшесі – Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы аралығындағы аумақта өтеді.
Ал 15 шілдеде сынақтар Алатау және Жетісу аудандарында Яблочков, Азовская, Рысқұлов, Сериков, Ратушный, Ангарская көшелері, ҮАК каналы бойы, Момышұлы көшесі, Аққайнар кенті және Мөңке би – Боралдай аумағын қамтиды.
Кәсіпорынның хабарлауынша, магистральдық және тарату құбырларын тексеру сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін жүргізіледі.
"Қауіпсіздік шаралары қабылданғанына қарамастан, сынақ кезінде жер бетіне судың шығуы немесе жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан сақ болуды сұраймыз", – делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.
Мұндай жағдай туындаған кезде мамандар ешқандай әрекет жасамауға, қауіпті аумақтан дереу кетуге және төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға кеңес береді:
- 351-27-62 (тікелей нөмір);
- call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі нөмірлері 1011 немесе 1014);
- 109 бірыңғай байланыс нөмірі.