Алматыдағы ЖЭО-лар мен Түркістан облысындағы БГҚ іске қосылуы ерекше бақылауға алынды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Олжас Бектенов 2026 жылғы 14 шілдеде өткен Үкімет отырысында Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарының қарқынына көңілі толмайтынын айтып, мерзімдердің бұзылуына жол берілген жағдайда жауапты тұлғалар жеке жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Олжас Бектенов мұнай мен газ өндірудің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында Энергетика министрлігіне барлық жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу қажет екенін атап өтті.

"Бұл ретте, көмір химиясының қолда бар әлеуетін ескере отырып, көмірді қайта өңдеу жобаларына жеке инвестицияларды арттыру жұмысын жандандыруды және әлеуетті инвесторларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Экономиканың дамуы елімізді одан әрі индустрияландыру мен цифрландыру, сондай-ақ инфрақұрылымға деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін энергетикалық қуаттарды арттыруды талап етеді", – деді премьер-министр.

Сондай-ақ, ол Энергетика министрлігі мен "Самұрық-Қазына" қорының басшылары Алматы электр стансалары мен Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының уақтылы іске қосылуына тікелей жауап беретінін тағы да еске салды.

"Самұрық-Энерго" компаниясының басшысы, Қайрат Мақсұтов. Өткен аптада энергетика министрі Алматыға барып, екінші және үшінші ТЭЦ-ті тексеріп келді. Үшінші ТЭЦ бойынша жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың соңына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке қатаң жауапкершілігіңіз қаралатын болады. Күнделікті бақылауға алыңыз", – деп тапсырды ол.

Бұған дейін Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан
Алматы
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды