Цифрлық бизнес картасын әзірлеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді
Фото: pixabay
Құжатта Цифрлық бизнес картасы Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерімен және ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл барысында алынатын кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылатыны нақтыланды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік және өзге де қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсыну Цифрлық бизнес картасының негізгі бағыттарының бірі саналады. Бұл мүмкіндік мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар қызметтер туралы заңнамаға сәйкес "цифрлық үкіметтің" веб-порталында іске асырылады.
Кәсіпкерлердің қарсы міндеттемелерді орындауына мониторинг мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы Цифрлық бизнес картасында автоматты түрде жүргізіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.