Цифрлық үкіметке қандай инфрақұрылым нысандары енгізілді

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 09:53 Фото: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым нысандарының тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған тізбеге мынадай цифрлық жүйелер енгізілген:

Цифрлық жүйелер:

  • "Цифрлық үкімет" веб-порталы;
  • "Цифрлық үкімет" шлюзі;
  • "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы;
  • "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы;
  • "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы;
  • "Цифрлық үкіметтің төлем шлюзі";
  • "Мекенжай тіркелімі";
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі;
  • "АХАЖ" цифрлық жүйесі;
  • "Жылжымалы мүлік тізілімі";
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мобильді кеңсесі";
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық эталондық бақылау банкі;
  • "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі;
  • "Мобильді үкімет";
  • "ASHYQ" платформасының бағдарламалық қамтамасыз етуі;
  • "Е-өтініш" цифрлық жүйесі;
  • "Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты";
  • "Е-қызмет" персоналды басқарудың интеграцияланған цифрлық жүйесі;
  • "Е-заң көмегі" бірыңғай цифрлық құқықтық көмек жүйесі;
  • "Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе";
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының есептік-бақылау маркаларын және өзге де баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру жүйесі;
  • "Е-КТРМ" техникалық реттеу цифрлық жүйесі;
  • "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры";
  • Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесі;
  • Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар жағдайы туралы ұлттық деректер банкі;
  • Қазақстан Республикасының түбірлік куәландырушы орталығы;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы;
  • Қазақстан Республикасының сенімді үшінші тарабы.

Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: