13 желтоқсаннан бастап цифрлық активтерге жаңа талаптар күшіне енеді

Биткоины, биткоин, криптовалюта, криптовалюты, цифровая валюта, майнинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 10:31 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 27 қарашада Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығымен қамтамасыз етілмеген, құны белгіленген цифрлық активке жатқызу критерийлері және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің тізімі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құны белгіленген қамтамасыз етілмеген цифрлық активке жатқызу критерийлері мыналар:

  • цифрлық активтің құнының бір немесе бірнеше ұлттық валютамен салыстырмалы түрде көрсетілуі және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуі;
  • соңғы 30 күнтізбелік күн ішінде coinmarketcap.com сайтында немесе цифрлық активтер биржасында активтің тәуліктік орташа бағасының ауытқуы +1%-дан аспауы;
  • цифрлық актив туралы толық ақпараттың болуы, оның ішінде активті қамтамасыз ететін мүлік, мүліктік құқықтар немесе міндеттемелер туралы, эмитенті туралы, сондай-ақ актив бағасының тұрақтылығын сақтайтын тетіктер туралы мәліметтер;
  • coinmarketcap.com сайтында цифрлық активтің нарықтық капитализациясы мен сауда көлемдері жөніндегі ақпараттың болуы;
  • цифрлық активке немесе оның эмитентіне қатысты Қазақстанның уәкілетті органдары шығарған сот шешімдері немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың болмауы.

Бұйрық 2025 жылғы 13 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: