Алматыда такси мен Hyundai соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

Алматыда такси мен Hyundai соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 10:45 Сурет: Zakon.kz.
2026 жылғы 10 қыркүйек күні түні Алматыда Hongqi E-QM5 таксиі мен Hyundai Sonata көлігі соқтығысты. Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен такси жолаушысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат Жетісу ауданында, Жұмабаев пен Сельская көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hongqi E-QM5 таксиінің жүргізушісі Сельская көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жұмабаев көшесіне солға бұрылмақ болған.

Алматыда такси мен Hyundai соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 10:45

Сурет: Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша осы кезде, Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта Hyundai Sonata көлігі келе жатқан. Сол уақытта Жұмабаев көшесінен Сельская көшесіне "Газель" көлігі оңға бұрылған. Ол қиылыстағы жолдың бір бөлігін жауып, көрінуді қиындатқан.

Алматыда такси мен Hyundai соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 10:45

Сурет: Zakon.kz.

Hongqi жүргізушісінің айтуынша, ол "Газель" басқа көліктердің қозғалысын жауып тұр деп ойлап, бұрылу үшін қиылысқа шыға бастаған. Алайда ол маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген.

Осы сәтте Hyundai Sonata жоғары жылдамдықпен Hongqi E-QM5 көлігіне соғылған. Соққы қытайлық көліктің артқы есігіне тиген. Қатты соққыдан Hongqi көлігі бұрылып кетіп, тротуарға шығып кеткен. Көлік бірнеше бордюрді қағып, жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған.

Алматыда такси мен Hyundai соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 10:45

Сурет: Zakon.kz.

Ал Hyundai Sonata қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Hongqi көлігінің жанында тоқтаған.

Жол апатынан екі жүргізуші мен такси жолаушысы зардап шекті. Үшеуі де жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар паттың нақты себептері мен жүргізушілердің қандай кінәсі бар екенін анықтауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: