Алматыда такси 20 тонналық арнайы техникаға соғылды
Сурет: Zakon.kz.
Сейфуллин мен Сүйінбай көшелерінің аралығында жолға таңба түсіру жұмыстары жүргізіліп жатқан.
Такси көлігі дәл сол жерде тұрған көп тонналы арнайы техниканы жоғары жылдамдықпен келіп соққан. Дегенмен көлік соқтығысқанға дейін тежеуге тырысқан, жолда дөңгелек іздері қалған.
Арнайы техниканың салмағы шамамен 20 тонна болған. Оның ішіне бір жарым тоннаға жуық бояу құйылған.
Қатты соқтығыс салдарынан арнайы техниканың жүргізушісі және жұмыс барысын бақылаған екінші жұмысшы зардап шекті.
Такси жүргізушісі мен оның жолаушылары да жарақат алған.
Такси жолаушылары болған ерлі-зайыптылардың айтуынша, жол апаты кезінде олар ұйықтап жатқан, сондықтан не болғанын бірден түсінбеген. Әйел көлік соқтығысқан сәтте басын көліктің төбесіне соғып, оянып кеткен.
Жұбайлар бал айына саяхатқа шығуды жоспарлағандықтан, ауруханаға жатудан бас тартқан. Олар бұл сапарға ұзақ уақыт ақша жинағанын және жол апатына бола одан бас тарта алмайтынын айтқан. Содан кейін олар басқа таксимен әуежайға қарай бет алған.
Такси жүргізушісі мен үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының мән-жайын анықтауда.
Бұған дейін Алматыда коммуналдық көлікпен соқтығысқан жүргізушінің зардап шеккенін хабарлаған едік.




