Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты
Сурет: Instagram/aliokapov
Әнші әрі композитор Әли Оқапов желіде жазба жариялап, "Құрмет" ордені дау-дамайы өзінің денсаулығына қалай әсер еткенін айтып берді. "Қазан айындағы жаңалықтардан" соң оның жүйкесі сыр беріп, ауырып, одан ұзақ емделуде екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол қазірдің өзінде ем-дом шараларын алып жүр.
"Негізі жүйкем сыр беріп бастады. Қазан айында болған маған қатысты оқиғадан кейін тәуір бола алмай жүрмін. Сол кезде жатып қалғанымда отбасым мені Таиландқа алып кетті. Ол жақта моральдық және физикалық тұрғыда жақсарып, жұмысыма оралдым. Қалай мұнда ұшып келдім, бірінші күні-ақ өзімді жаман сезіндім. Дұрыстап емделмегенмін ғой...", – дейді өнер иесі.
Содан кейін, әншінің айтуынша, концерттер, гастрольдер басталып кеткен.
"Бәрін ұмытып, жұмыс істеуге тура келді. Іштей "20 желтоқсанға дейін шыда" деп өз-өзіммен келістім. Сол кезде үзіліс аламын, міне сол кезде дұрыстап ауырып, дұрыстап емделемін деп қойғанмын. Солай да болды. Ештеңе етпейді, бәрі жоспар бойынша қой. Бұдан да жаман күндерім болған ауырғанда. Мен шағымданып отырғаным жоқ, ондайды жек көремін. Жұмысым барына тәубе. Әр концерт сайын адамдардан өз атыма білдірген қолдау-қолпаштарын қабылдап жатамын.Бәрі жақсы менде. Дәріханаға әр кез сайын 30 мың теңгені тастап, процедуралық кабинетте жатқан жаман екен бәрінен", деп жазады Оқапов.
Сурет: Instagram/aliokapov
Сондай-ақ әнші ауырғандықтан, біресе салмақ қосып, біресе салмақ жоғалтқанын да айтады.
"Денсаулығымның сыр беруіне дұрыс тамақтанбағаным да әсер етіп тұр. Қазір салмақ қосып алдым. Қазан айындағы оқиғада көп салмақ жоғалтып едім. Ойлана келе фитнес клубқа барамын деп шештім. Соңғы рет Зейін туғанда барып едім. Жаңа жылдан кейін өзімді қолға алып, қалыпты салмағыма келемін", – дейді композитор.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript