Полиция академияларына түсу енді толықтай онлайн жүргізіледі

Фото: polisia.kz
Қазақстан Ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарына 2026 жылғы қабылдау науқаны алғаш рет толықтай цифрлық форматта ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Кадр жұмысы департаменті басқармасының бастығы Сенбек Иманғалидың айтуынша, қабылдау науқаны Qyzmet-Police.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуде.

Оның сөзінше, бүгінде барлық негізгі шешімдер цифрлық жүйеде қабылданады. Қабылдау науқанының әр кезеңі талапкерлердің жеке кабинеттерінде тіркеліп, барлық қатысушылардың іс-әрекеті бақылауға алынады.

Биыл ведомстволық жоғары оқу орындарындағы 1250 оқу орнына түсу үшін шамамен 4 мың талапкер үміткер ретінде тіркелген.

15 шілдеден бастап қабылдаудың келесі кезеңі – дене шынықтыру нормативтерін тапсыру басталады.

"Нормативтер жоғары оқу орындарында емес, талапкерлердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінде қабылданады. Бұл ең алдымен талапкерлер мен олардың ата-аналарына қолайлы болу үшін жасалды. Ең бастысы – бүкіл процесс барынша ашық өтеді. Әрбір нормативті орындау бейнежазбаға түсіріліп, тікелей эфир ұйымдастырылады. Сонымен қатар ата-аналар сынақ барысын жеке қатысып бақылай алады", – деді Сенбек Иманғали.

Дене дайындығы бойынша сынақтар аяқталғаннан кейін әрбір талапкердің құжаттары тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жіберіледі. Комиссия ҰБТ нәтижелерін, жеңілдіктерді және ұсынылған құжаттарды қарап, шешімді тек конкурстық көрсеткіштер негізінде қабылдайды.

Министрліктің мәліметінше, қажет болған жағдайда талапкер бейнебайланыс арқылы әңгімелесуге шақырылуы мүмкін.

"Бейнеәңгімелесу міндетті түрде жазылады. Бұл – қабылдау процесінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін қосымша кепілдік", – деп мәлімдеді ІІМ.

Еске салайық, 13 шілдеде Қазақстанның Ішкі істер министрлігі балалардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды ескерту жасаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға арналған кітап жарық көрді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау ережесіне өзгерістер енгізілді

Алматыда аптап ыстықтың басталуымен жедел жәрдем шақыру саны артты