Таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 16 шілдеде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 16 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 16 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 16 шілдеде күндіз 42-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 16 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 16 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 16 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 16 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 16 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 16 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 16 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 16 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады, күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды бұрқасындатады деп болжанады. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 16 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 16 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 16 шілдеде күндіз 42-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда 16 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде 16 шілдеде батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 16 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз 39-41 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК еліміздің ірі үш қаласы бойынша 2026 жылғы 16-18 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.