"Заң мен тәртіп": Алматыда заңсыз сауда орындары жойылып жатыр

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматының Жетісу ауданында (Солтүстік айналма көшесінің бойында) заңсыз сауда орындарын жоюға бағытталған рейд өтті. Іс-шараны аудан әкімі аппараты прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тексеру қорытындысы бойынша аумақтарды көріктендіру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 24 әкімшілік хаттама, сондай-ақ белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін Кодекстің 204-бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Аталған шаралар қалалық ортаның тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында қолға алынған.

Бұған дейін тұрғындар "Байсат" және "Ялян" сауда орталықтарының маңында заңсыз сауданың көбеюіне бірнеше рет шағымданған. Жол бойын заңсыз сауда орны ретінде пайдалану көлік қозғалысын қиындатқан.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды