Қорғаныс министрлігінің авиациясы Абай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды

Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Абай облысының Бородулиха ауданында 16 шілде күні тұтанған ірі орман өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тілсіз жауды ауыздықтау өрт қаупінің аса жоғары деңгейі, аптап ыстық пен жетуі қиын жер бедері салдарынан қиындай түсті.

Өртпен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен қатар Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары да жұмылдырылды.

"Өрттің ең күрделі ошақтарын сөндіруде су төгу құрылғыларымен жабдықталған армиялық авиация экипаждарына үлкен жауапкершілік жүктелді. Әскери ұшқыштар өрт ошақтарына әуеден су төгіп, жердегі бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасап келеді", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күштерінің экипаждары өрт ошақтарына 57 тонна болатын 30-дан аса мәрте су төкті. Авиацияның үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралу қарқыны бәсеңдеп, жердегі бөлімшелердің өртті оқшаулауына мүмкіндік туды.

Төтенше жағдайды жою үшін Қорғаныс министрлігінің екі Ми-17 және бір Ми-171Ш тікұшағы жұмылдырылды. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен және басқа да тиісті қызметтермен бірлесіп, өртті сөндіру, елді мекендер мен орман қорын қорғау жұмыстарын атқарып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Премьер-министр Бектеновтің тапсырмасымен екі министр "Семей орманы" өртіне байланысты Абай облысына аттанғанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз