Бектеновтің тапсырмасымен екі министр "Семей орманы" өртіне байланысты Абай облысына аттанды

Бектеновтің тапсырмасымен екі министр «Семей орманы» өртіне байланысты Абай облысына аттанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2026 16:52 Сурет: Telegram/EcologyofQazaqstan
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін Абай облысына шұғыл аттанды.

Үкімет басшысы жақын маңдағы елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды күшейтуді тапсырды.

2026 жылғы 16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, орман өртін сөндіру жұмыстарына 400-ден астам адам мен 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Өрт ошақтарына 100 тоннадан астам су төгілген.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру және жағдайды тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Үкіметтің мәліметінше, оқиға орнында құрылған жедел штабтың жұмысы Премьер-министр Олжас Бектеновтің жеке бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: