Марқакөлде жабайы аю автожолда жүр: оның әрекеті көпшілікті таңғалдырды – видео

Сурет: бейнежазба скриншоты
Шығыс Қазақстан облысында әлсіреп қалған жабайы аю автожолға шығып, адамдарға жақындаған. Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш аң агрессия танытпаған, керісінше адамдардан көмек іздегендей әсер қалдырған. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Куәгерлер Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы Ақжайлау және Ұрынхайка ауылдарының арасындағы автожолда жүрген аюды видеоға түсіріп алған. Олардың сөзінше, аю жол бойымен өтіп бара жатқан көліктер мен мотоциклдерге ешқандай қауіп төндірмеген. Олардың байқауынша, жануардың жағдайы әлсіз көрінген және оған көмек қажет болуы мүмкін.

"Оқиға орнына Марқакөл орман шаруашылығының қызметкерлері мен полиция бөлімінің мамандары барды. Алдын ала мәлімет бойынша, аю таулы аймаққа қарай кеткен", – деп мәлімдеді Марқакөл ауданының әкімдігі.

Орман шаруашылығының мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдай тіркелмеген. Қазіргі уақытта жағдайды тиісті қызметтер бақылауда ұстап отыр.

Ведомство тұрғындар мен аудан қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жабайы жануарға жақындамау, оны тамақтандыруға немесе соңынан қууға әрекет жасамау қажет. Сондай-ақ мамандар тұрғындарға таңертең ерте және кешкі уақытта орманды алқаптарға баруды уақытша шектеуге кеңес береді.

Бұған дейін сирек кездесетін қоңыр аюдың жабайы табиғатқа тигізер пайдасы қандай екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді