Сирек кездесетін қоңыр аюдың жабайы табиғатқа тигізер пайдасы қандай
Сурет: pexels
Ведомство дерегінше, жаз мезгілінде Тянь-Шань қоңыр аюы белсенді тіршілік етеді.
Бұл кезеңде ол қыс бойы жұмсаған күш-қуатын қалпына келтіріп, алдағы қысқы ұйқыға қажетті май қорын жинай бастайды. Аю көбіне таңертең ерте және кешкі салқын уақытта қорек іздейді.
Белгілі болғандай, жазда аюлар көбінесе өзен-көлдердің маңында, қалың орман мен альпілік шалғындарда мекендейді. Ыстық күндері салқын, көлеңкелі жерлерде немесе бұлақтар мен өзендердің жағасында демалады.
Айта кетсек, Тянь-Шань қоңыр аюы табиғаттағы тұқымдардың таралуына ықпал етіп, соның ішінде жабайы алма ағашының (Сиверс алмасы) тұқымдарының табиғи түрде таралуына үлкен үлес қосады.
"Сондықтан да оны қорғау және мекен ету ортасын сақтау табиғат үшін маңызды болып табылады". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Сондай-ақ, ведомство соңғы жылдары Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жүргізілген фототұзақ және мониторинг жұмыстары Тянь-Шань қоңыр аюының жиі кездесетінін және санының артып келе жатқанын көрсетуде екенін атап өтті.