Алматы тауларында қоңыр аюлар қысқы ұйқыдан ояна бастады
Сурет: pixabay
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы қысқы ұйқыдан оянған қоңыр аюлардың фототұзаққа іліккен кадрларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандар жыртқыштар қысқы ұйқыдан ақпан айының соңы мен наурыз айының ортасы аралығында ояна бастайтындығын атап өтті.
Фототұзақ деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қысқы ұйқыдан оянған аюдың камера алдына алғаш тіркелген уақыты 13 наурыз.
Белгілі болғандай, қорық аумағында қоңыр аюлар ірі шатқалдардың барлығында дерлік кездеседі.
"Олар теңіз деңгейінен 1200–3500 метр биіктікте, аралас жапырақты ормандарда, қылқан жапырақты шыршалы ормандарда, субальпілік және альпілік белдеулерде тіршілік етеді",- делінген ақпаратта.
Мамандардың айтуынша, көктемде тауда қардың қалың жатуына байланысты аюлар таудың теріскей беткейіне қарағанда, күнгей беткейлерде жиірек жүреді. Себебі бұл аймақтарда қар ертерек еріп, қорек табу мүмкіндігі мол болады.
Бұған дейін Қазақстанға Ресейден төрт амур жолбарысы әкелінетіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript