Тоқаев Си Цзиньпинді тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп атады

Сурет: akorda.kz
Президент қазіргі Қытайдың даму стратегиясын айқындаған Си Цзиньпиннің көшбасшылық қасиеттеріне айрықша назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ҚХР президенті жайлы жеке пікірін Шанхайда өтіп жатқан Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда айтты.

"Біздің елде Си Төрағаны тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп есептейді. Оның парасатты әрі орнықты басшылығымен Қытай елі осынау дүрбелеңге толы, болжаусыз әрі қақтығыстардан көз ашпаған әлемде жаңа табыстарға батыл қадам басып келеді. 2029 жылы қазан айында елдеріңіз Қытай Халық Республикасының құрылғанына 80 жыл толуын атап өтеді. Сексен жыл – бір адамның тұтас ғұмыры, ал Қытай оның жартысын саяси және экономикалық дүрбелеңдердің зиянды салдарымен күресуге сарп етті".

Президенттің сөзінше, небәрі 40 жыл ішінде қарқынды дамыған Қытай зор табысқа жетіп, кедейлікті толық еңсерді және сан салалы экономикасы бар, әсіресе, жоғары технологиялар бойынша көш бастаған әлемдік державаға айналды.

"Бұл – Қытай Коммунистік партиясы мен оның білікті де бірегей жетекшісі, Төраға Си Цзиньпиннің еңбегі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев
Си Цзиньпин

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек