Синоптиктер Алматы мен Алматы облысында аптап ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жаздың ең ыстық күндеріне тап келген Алматы тұрғындарына енді үш күн шыдас берсе, жеткілікті. Синоптиктердің болжамынша, 20 шілдеге дейін сынап бағаны 42 градусқа дейін көтеріледі, содан соң найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел тұрып, бұршақ түсу қаупі артады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, қаладағы аптап ыстық тағы үш күн сақталады: 18, 19 және 20 шілдеде. Бұл кезеңде жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде: +24...+26°C, ал күндіз: +40...+42°C.

Синоптик түсіндіріп өткендей, ауа температурасының бұлайша жоғарлауына Орталық Азия мен Таяу Шығыс аудандарынан ығысып келген ыстық және құрғақ ауа массалары түрткі.

Ыстықтың беті 21 шілдеден бастап біртіндеп қайта бастайды. Күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с дейін артады. Ауа температурасы күндіз: +34...+36°C болады.

"Қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ болады. Ауа температурасы түнде: +22...+24°C, күндіз: +30...+32°С", - дейді Қазгидромет өкілі.

Алдын ала болжам бойынша, аптаның соңында Алматыда неғұрлым қолайлы ауа райы күтіледі. Дегенмен аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел болады. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +30...+32°C.

Ыстықтың беті біртіндеп қайтатындығына қарамастан, синоптиктер Алматы, Қонаев және Алматы облысының тұрғындарын жоғары және төтенше өрт қаупі туралы ескертеді.

Қазгидрометтің мәліметінше, 17 шілдеде сағат 20:00-ден 20 шілдеде сағат 20:00-ге дейін өңірдің басым бөлігінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі жоғары.

Мәселен, 18-20 шілде:

Сонымен қатар, 18 шілдеде сағат 12:00-ден 20 шілдеде 20:00-ге дейін қатты ыстыққа байланысты қосымша дауылды ескерту жарияланды.

Күндіз ауа температурасы Алматы облысында: +40...+45°C; Алматыда: +40...+42°C; Қонаевта: +41...+43°C.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласы бойынша 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде

Әлемге әйгілі әнші Рики Мартин Алматыға келді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады