+47°C-қа дейінгі аптап ыстық: 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 16:38 Фото: pixabay
2026 жылғы 19 шілдеден кейін Астана мен Шымкентте аптап ыстық аздап басылады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамында айтты, деп хабаралайды Zakon.kz.

Астана

  • 18 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +34...+36°С.
  • 19 шілде: ауыспалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +33...+35°С.
  • 20 шілде: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +28...+30°С.

Алматы

  • 18-20 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +24...+26°С, күндіз +40...+42°С-қа дейін аптап ыстық.

Шымкент

  • 18 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +25...+27°С, күндіз +45...+47°С-қа дейін барады.
  • 19 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +27...+29°С, күндіз +45...+47°С.
  • 20 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +27...+29°С, күндіз +41...+43°С.

Бұған дейін Қазақстанға аптап ыстық қай елден жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: