Жыл басынан бері 169 бала терезеден құлаған: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Фото: пресс-служба МВД РК
Ішкі істер министрлігі жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау қаупі артатынын ескертіп, ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға үндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, әсіресе 2 мен 5 жас аралығындағы балалар мұндай оқиғаларға жиі ұшырайды. Биыл жыл басынан бері елімізде балалардың терезеден құлауының 169 дерегі тіркелген. Оның 14-і қайғылы жағдаймен аяқталған.

ІІМ мұндай оқиғалардың негізгі себептері ретінде балалардың қараусыз қалуын және олардың ашық терезелерге еркін қол жеткізуін атады.

Осыған байланысты министрлік ата-аналарға бірқатар қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді. Атап айтқанда, балаларды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмау, москит торына сүйенбеу, терезелерге арнайы блокаторлар орнату, жиһазды терезеден алыс орналастыру және мүмкіндігінше қорғаныс торларын пайдалану ұсынылды.

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға баланың қауіпсіздігі ең алдымен олардың жауапкершілігінде екенін еске салып, сақтық шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда мемлекеттік сервистер уақытша жұмыс істемейді

Испания – Аргентина матчының бас төрешісі белгілі болды

АҚШ Иранға жетінші түн қатарынан соққы жасап жатыр