Полиция жиі кездесетін қылмыс түрі бойынша ескерту жасады

Фото: Zakon.kz
Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 20 шілдеде тыныштық бұзғандар жауапқа тартылатындығын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпарға сүйенсек, жыл басынан бері елордада тыныштықты бұзу фактілері бойынша 30 мыңнан астам өтініш тіркелді.

"Әрбір хабарлама полиция қызметкерлерінің назарына алынып, құқық бұзушылықтың мән-жайы тексеріледі. Тыныштықты бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Тұрғындардың тыныштығын бұзу көбіне түнгі уақытта аулада шулау, алкогольдік ішімдіктер ішу, қатты музыка қою, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын белгіленбеген уақытта жүргізу арқылы көрініс табады". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Мәселен, сағат 04:00-де "102" арнасына Сарыарқа көшесіндегі үйлердің бірінің артында азаматтардың қатты шулап жатқаны туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, 41 жастағы азаматтың масаң күйде екенін анықтап, әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Сол күні Таха Хусейн көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында да бір топ азаматтың шулап, алкогольдік ішімдіктер ішкені туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру нәтижесінде 22 жастағы жігітке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан бөлек, Қазыбек би көшесінде тұрғындар аулада азаматтардың шулап жатқанына, сондай-ақ үйге қарама-қарсы аумақта құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тыныштықтың бұзылғанына шағымданған. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қабылданды.

"Тыныштықты бұзу – жай ғана тұрмыстық жағдай емес, заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылық. Бір адамның көңіл көтеруі немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуі ондаған тұрғынның тыныштығына кедергі келтірмеуі тиіс. Әсіресе түнгі уақытта тұрғындардың демалу құқығын құрметтеу – қоғамдағы өзара сыйластық пен тәртіптің негізгі талаптарының бірі.Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Нақтыланғандай, тыныштықты бұзу немесе басқа да құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда азаматтар тәулік бойы жұмыс істейтін "102" арнасына хабарласа алады.

Бұған дейін Ақтөбе облысында өзгенің телефонынан заңсыз ақша аударған ер адам анықталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді