Қазақстандағы ең көп жүктеме түсетін автожолдардың бірі сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Сурет: Telegram/qazavtojol
Бүгін, 2026 жылғы 20 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданындағы халықаралық маңызы бар Алматы – Бішкек автожолының 19–27 шақырым аралығын күрделі жөндеу және кеңейту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, жоба Қазақстандағы ең қарқынды қозғалыс жүретін көлік дәліздерінің бірін жаңғыртуға бағытталған. Бұл жолмен тәулігіне 70 мыңнан астам көлік қатынайды.

Қазіргі таңда қолданыстағы төрт жолақты жол көлік ағынының артуына төтеп бере алмай отыр. Соның салдарынан кептелістер жиілеп, көліктердің орташа жүру жылдамдығы төмендеп, жол-көлік оқиғаларының қаупі артып келеді.

Осыған байланысты жоба аясында автожол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Нәтижесінде бұл учаске үздіксіз қозғалысқа арналған жалпы қалалық маңызы бар магистральдың талаптарына сәйкестендіріледі.

Күрделі жөндеу барысында:

Сонымен қатар жоба аясында газ құбырлары, су құбыры желілері, электрмен жабдықтау және талшықты-оптикалық байланыс желілері сияқты инженерлік коммуникациялар көшіріледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 17 шілде мен 30 тамыз аралығында Бекешев көшесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілетіні хабарланған болатын. Бұл Батыс кәріз коллекторы құрылысының жаңа кезеңінің басталуына байланысты.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған